Тәуелсіздігіміздің таңы атқан жиырма алты жылдан бергі уақыт ішінде Елбасымыз спортқа көңіл бөліп, бұл саланы әрдайым мемлекеттік маңызы басым бағыттар санатына қосып келеді. Ауданымызда «Біздің денсаулығымыз – өз қолымызда» ұранымен «Денсаулық фестивалі – 2017» күніне акциялар, флеш-мобтар, артериялық гипертензия, қант диабеті, жаяу жүру морофоны өтті. Оған аудан тұрғындары мен білім, спорт, денсаулық сақтау саласының мамандары, мектеп оқушылары қатысты. Шараның мақсаты - физикалық белсенділікті арттыру және дұрыс тамақтану талаптарын сақтай отырып, жаман қылықтардан арылу, сонымен бірге денсаулық сақтау әдеттерін қалыптастыру арқылы қоғам назарын денсаулықты сақтау мен оны қорғаудың ортақ жауапкершілігіне аудару.