Жас аналарға құрмет көрсетілді
Құрманғазы аудандық орталық аурухананың перзентхана бөлімшесіне аудан әкімі жанындағы әйелдер істері отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мен аналар кеңесінің мүшелері арнайы барды. Олар нәрестелі болған жас аналарды құттықтап, гүл шоқтарын табыстады.