Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Құрманғазы аудандық орталық ауруханасы"
ШЖККМК

A- A A+

КГП на ПХВ "Курмангазинская центральная районная больница" Управления здровоохранения Атырауской области

Добро пожаловать на веб сайт!

Разработано совместно с Eco-Joom.com

Новости

ӨЗ ҚАН ҚЫСЫМЫҢЫЗДЫ ӨЛШЕТІҢІЗ!

- Елбасымыз өзінің Жолдауларында халық денсаулығын жақсартуға, азаматтарымыздың өмір сүру жасын ұзартуға көбірек көңіл бөліп келеді. Мемлекетіміз медицина саласының қызметін қазіргі заманауи талаптарға сай ұйымдастыруға ден қойып, жаңа құрал-жабдықтармен қамтып, жұмыс жасауымыз үшін барлық жағдайды туғызуда. Бүгін аудандық орталық ауруханасының директоры Гүлсара Мүтиеваның айтуымен, дәрігер Жазира Бекболатованың, Нұргүл Жұмабекқызының қатысуымен Құрманғазы алаңында “Өз қан қысымыңызды өлшетіңіз” атты акция ұйымдастырылды. Акцияның мақсаты жүрек-қан тамырлары ауруларының, артериялық гипертонияның, қант диабетінің алдын алу, скринингтік тексеру өткізу. Адамдардың қан қысымы өлшеніп, қан сынамалары алынып, алынған қан сынамалары тексеруден өткізілді. Шараға бір дәрігер, бір лаборант, 4 медбике, 1 әлеуметтік психопрофилактика маманы қатысты.

Аудан тұрғындары медицина қызметкерлеріне ризашылықтарын білдіріп, «осындай акцияларды жиі ұйымдастырып тұрса», - деген ізгі тілектерін де  жеткізді.