Новости
«Ауырып ем іздегенше, Ауырмаудың жолын ізде»
Құрманғазы аудандық орталық ауруханасында 8.09.2017ж «Денсаулық мектебі» ашылды. Құрманғазы аудандық орталық ауруханасының бас дәрігер Мутиева.Г.М «Ауырып ем іздегенше, Ауырмаудың жолын ізде»- мақсатында ашылып жатқанын айтып өтті. «Денсаулық мектебінің» ашылу салтанатын: 1-ші лентасын артериялық гипертензия учетының тұрғыны Әлжанова.С кесу бұйырса, 2-ші лента кесу салтанаты облыстан іс-сапармен келген қазіргі № 4 қалалық емхана басқармасының ана мен бала жөніндегі орынбасары Ахметова.Б.Р берілді.
Денсаулық сақтау мектебінде оқыту мақсаты– пациенттерді аурулар туралы хабардар болуын арттыру, аурулардың даму тәуекел факторлары туралы ескерту, пациенттің өз денсаулығын сақтауға жауапкершілігін арттыру, пациенттің ауруға өнімді және белсенді қарым – қатынасын қалыптастыру, сауығуға уәждемелеу, емделуге және дәрігердің ұсыныстарын орындауға ұмтылу болып табылады,-деп профилактика және әлеуметтік психология бөлімінің меңгерушісі Шапихова.Н.Ж айтып өтті.
Денсаулық сақтау мектептеріндегі сабақтардың өткізілу кестесі
№ |
Денсаулық сақтау мектебінің атауы |
Жауапты орындаушылар |
Уақыты |
1 |
Отбасыны жоспарлау мектебі |
Дәрігер акушер-гинеколог: |
Апта сайын дүйсенбі күні сағат 14.00-ден 16.00-ге дейін |
2 |
Артериалдық гипертония мектебі |
Жалпы тәжірбие дәрігерлері: |
Апта сайын сейсенбі күні сағат 14.00-ден 16.00-ге дейін |
3 |
Қант диабеті мектебі |
Эндокринолог: |
Апта сайын сәрсенбі күні сағат 14.00-ден 16.00-ге дейін |
4 |
Жас ана мектебі |
Дәрігер акушер-гинеколог: |
Апта сайын бейсенбі күні сағат 14.00-ден 16.00-ге дейін |
5 |
Бронх демікпес мектебі |
Жалпы тәжірбие дәрігерлері: |
Апта сайын жұма күні сағат 14.00-ден 16.00-ге дейін |
Апта сайын өткізіледі келіп қатысыңыздар!!!