Біз туралы
Ауданымыздағы Құрманғазы аудандық орталық аурухана емханасы жаңа ғимаратта орналасқан. ШЖҚ КМК «Құрманғазы АОА» құрамына 15 дәрігерлік амбулатория, 2 фельдшерлік –акушерлік пункт, 16 медициналық пункт кіреді. Емхана Құрманғазы ауданының тұрғындарына қызмет етеді.
Бүгінгі таңда, емханада зертханалық, рентгенологиялық, ультрадыбыстық және функциялық зерттеу (ЭКГ) жұмыстары орындалды. Амбулаторлық-емханалық қабылдаулар емханада және үй жағдайында қабылданады. Емханада және үйде ем-шаралар жасалынады. Емханада физиотерапиялық емделу, сондай-ақ, күндізгі стационарда емделу жүргізіледі.
Емхананың жұмыс кестесі – сағ.08.00-ден сағ. 20.00-ге дейін аптасына 5 күн, сенбі күні – сағ. 08.00-ден сағ. 13.00-ге дейін жұмыс істейді. Дәрігерлерді үйге шақырту жұмыс күндері - сағ. 08.00-ден сағ. 18.00-ге дейін. Күндізгі стационарда емдеу аптасына 6 күн жүзеге асады.
Тұрғындарға тіркеу бөлімі ғимараттың 1 қабатында орналасқан. Тіркеу бөлімі телефонмен қамтамасыз етілген. Емделушілерді қабылдауға жазылым жеке жазылу тәртібі арқылы, телефонға хабарласу және тіркеу бөліміне келіп тіркелу арқылы жүзеге асады. Амбулаторлық-емханалық көмек көрсету қолжетімділігін көтеру мақсатында, емхана сайтына күндіз-түні онлайн тәртібінде жазылу қарастырылды. Амбулаторлық-емханалық көмек көрсету тәртібі қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асады.
Жыл сайын жергілікті тұрғындарға скринингтік тексерулер жүргізіледі, ерте кезеңде ауруларды анықтау шараларын орындады. Бірнеше рет кәсіпорын, облыстық байқауларда жүлделі орындарынға ие болды.
Кәсіпорынның ұжымында – 685 қызметкер, соның ішінде 63 дәрігер, 349 орта медициналық қызметкерлер жұмыс істейді. Санаты бар мамандардың үлестік салмағы – 38%, соның ішінде 50% жоғары санатты мамандар.
Сонымен қатар, аудандық орталық аурухана базасына 2011 жылы 85,5 мың теңгенің окулист, лор, хирург, стоматолог, акушер-гинеколог, лаборант, терапевт мамандарының құрылғыларымен жабдықталған «МЕДКАР-У» жылжымалы медициналық автокөлігі алынды. Ол шалғай орналасқан елді-мекендерге мамандандырылған медициналық көмекті жақындату мақсатында қолданылып отыр.