Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Құрманғазы аудандық орталық ауруханасы"
ШЖККМК

A- A A+

Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Құрманғазы аудандық орталық ауруханасы" Ш Ж К К М К

КГП на ПХВ "Курмангазинская центральная районная больница" Управления здровоохранения Атырауской области

Добро пожаловать на веб сайт!

Жаналыктар

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты мақаласы

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты мақаласы қазіргі кезеңдегі қазақ елінің бүгінін сараптап, ертеңгі бағытын айқындаған бағдарламалық құжат.

Дүниежүзілік жүрек күні

29 қыркүйек -Дүниежүзілік жүрек күніне орай Құрманғазы аудандық орталық аурухана  «Өз жүрегіңіз – өз қолыңызда!» атты ұранымен кең көлемде акция өткізілді.
Акцияның мақсаты: қанайналым жүйесі ауруларын ерте анықтау мен оның асқынуының алдын алу, скринингтік тексеруден уақытында өту қажеттілігі туралы жұртты ақпараттандыру; өз денсаулығына жауапкершілігін арттыру, салауатты өмір салтын ұстануға шақыру болып табылады.

Семинар

Құрманғазы аудандық орталық ауруханасы бөлімінің мәжіліс залында емдеу алдын алу мекемелерінің инфекционист, педиатр,терапевт, жалпы практикалық дәрігерлері мен госпиталды эпидемиолог арасында эпидемиялық маусымда тұмау және ЖРВИ-дың эпидемиологиясы, клиникасы,дифференциалды диагностикасы, емдеу әдісі, алдын алу шаралары туралы аудандық семинар-кеңес өткізілді.

«Нұрлы жер» бағдарламасы

КурмангазыАОА бас дәрігері Мутиева.Г.Н - Мемлекеттік бағдарламасы бойынша несиелік тұрғын үй жөнінде мәліметтерді АО"Жилстройсбербанк" зам.директоры Саржигитова.Г.У және АО "Жилстройсбербанк" консультант-агент Кабел.М.Т-тен білуге болатынын таныстырып өтті. АО"Жилстройсбербанк" зам.директоры Саржигитова.Г.У медицина.кызметкерлеріне депозит ашып, өз уйінізге ақша жинай бастаңыз!-деп түсіндірді. АО "Жилстройсбербанк" консультант-агент Кабел.М.Т депозитке қалай тіркелуге болатыны жайында айтып өтті.

“Пробация кабинетін” ашпақпыз

Ашылу салтанатында аудан прокуроры Ерлан Хисметуллин: - Аудандық прокуратураның бастамасымен және аудан әкімдігінің қолдауымен пробация қызметінің есебінде тұрған және бас бостандығынан айыру жазасын өтеп келгендерге әлеуметтік-құқықтық қызмет көрсету, қайталап қылмыс жасауының алдын алу бағытында аурухананың бірінші қабатынан “Пробация кабинетін” ашпақпыз. Ол әр аптаның сәрсенбі күні сағат 10.00-12.00 және түстен кейін 15.00-17.00 аралағында жұмыс жасайды. Мұнда келіп прокуратура, пробация қызметі, аудандық жұмыспен қамту орталығы, аудандық орталық аурухана психологы, жұмыспен қамту орталығы мекемелері тарапынан көрсетілетін қызметтерді алуға мүмкіндіктеріңіз мол. Бұл шара өкілетті органдардың қызметін жандандырып ғана қоймай олардың бірлесе қимылдауын нығайта түсетініне сенімдімін, - деді.

«Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!»

Құрманғазы аудандық орталық ауруханасында "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске және мемлекеттік көрсетілген қызметтер" бойынша ашық есік күні өткізілді.

Отбасын жоспарлау мектебі

Құрманғазы аудандық орталық ауруханасының «Денсаулық мектебінде» жас аналарға: Отбасын жоспарлау-бұл қажетінше бала тууды жоспарлауға бағытталған, өмірге ұрпақ әкелу уақытын және бала туу арақашықтығын реттеп отыратын, ерлі-зайыптының саналы түрде жасайтын әрекеті,- екендігін дәрігер акушер гинеколог Шайхимова.Л.К түсіндіріп өтті. Сонымен қатар дәріске заңгер Мурасов.А.Б-те Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жайында айтып өтті.

Жас аналарға құрмет көрсетілді

Құрманғазы аудандық орталық аурухананың перзентхана бөлімшесіне аудан әкімі жанындағы әйелдер істері отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мен аналар кеңесінің мүшелері арнайы барды. Олар нәрестелі болған жас аналарды құттықтап, гүл шоқтарын табыстады.