Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Құрманғазы аудандық орталық ауруханасы"
ШЖККМК

A- A A+

КГП на ПХВ "Курмангазинская центральная районная больница" Управления здровоохранения Атырауской области

Добро пожаловать на веб сайт!

Дүниежүзілік жүрек күні

29 қыркүйек -Дүниежүзілік жүрек күніне орай Құрманғазы аудандық орталық аурухана  «Өз жүрегіңіз – өз қолыңызда!» атты ұранымен кең көлемде акция өткізілді.
Акцияның мақсаты: қанайналым жүйесі ауруларын ерте анықтау мен оның асқынуының алдын алу, скринингтік тексеруден уақытында өту қажеттілігі туралы жұртты ақпараттандыру; өз денсаулығына жауапкершілігін арттыру, салауатты өмір салтын ұстануға шақыру болып табылады.

Акцияда «Денсаулық қалашығы» орнатылып, тұрғындарға кардиолог, терапевт, Салауатты өмір салты қалыптастыру дәрігері, Жастар денсаулығы орталығының мамандары қатысты. Сонымен қатар тұрғындардың қандағы қант деңгейі, холестерин мөлшері, бой, салмақ өлшеніп, үнпарақшалар таратылды.